Атырауда әйелдер арасында волейболдан жарыс жеңімпаздары анықталды

 «Энергетик» спорт кешенінде наурыз мерекесіне орайластырып, энергокешен командалары арасындағы спартакиада басталды. Алғаш болып әйелдер арасындағы волейболдан жарыс өтті.

Аталған жарысқа «Атырау ЖЭО», «Атырау Жылу Жүйелері», «Атырау Жарық», «АтырауЭнергоСату» және Махамбет аудандық электр торабының 50-ге жуық қызметкері қатысты.

-Іс-шараның басты мақсаты - ұжымның ауызбіршілігін арттыру, ынтымақтастығын нығайту және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. Қызметкерлеріміз мүмкіндіктеріне қарай қызықты ойын көрсетуде. Алдағы уақытта мұндай жарыстар өз жалғасын табады. Ал қазіргі сайыс бойынша қызметкерлерге сәттілік тілеймін,- деді «АтырауЖарық» АҚ вице-президенті Рашид Байбосынов.

Жарыс жәтижесінде 1-орынды «Атырау Жарық» командасы, 2-орын «Атырау Жылу Жүйелері, 3-орынды «Атырау ЖЭО» иеленді. Айта кетейік, аталған спортакияда 11-наурызға дейін жалғасады.