Жаңартылған спорт залында алғашқы сайыстар өткізілді


        «Атырау Жарық» акционерлік қоғамының жөндеуден өткен спорт залында алғашқы спорттық сайыстар өтті.
        Энергетика кешенінің 60 жылдық торқалы тойына арналған спорттық жарыстар волейбол, үстел теннисі және шахматтан өткізілді. Жарысқа «Атырау Жарық», «АЖЭО», «Атырау жылу жүйелері», Қалалық аудандық электр желілері және «Атырауэнергосату» мекемелерінің қызметкерлері қатысты.

        Жарыс өткізілген үш залда да қызу тартыстың желі есіп тұрды. 3x3 форматында өткен ( әр командада бір мезгілде алаңда үш ер адам, үш әйел адам болуы міндетті) волейболшылар арасындағы сайыста «Атырау Жарық» командасы жоғары көрсеткішпен алға шықса, екінші орынды қалалық аудандық электр желілері, үшінші орын «Атырау жылу жүйелері» командалары иеленді. Турнирдың үздік ойыншылары болып Станислав Гаджилов (Атырау Жарық) және Айжан Адилова (Атырауэнергосату) анықталды.

        Үстел теннисінен командалық есепте «Атырау Жарық», Қалалық аудандық электр желілері, Атырауэнергосату осы ретпен аяқтап, жеке зачетта Андрей Быков жеңіске жетті. Екінші орынды Қайырғали Тілепбергенов, үшінші орынды Амантай Акетовтер иеленді.

        Шахматтан бас жүлдені АЖЭО – дан Айбек Мұзафар жеңіп алса, екінші, үшінші орындарды Аманжан Карим (Атырау Жарық) мен Айбол Максимов (Атырауэнергосату) иеленді.

        Жеңімпаздар мен жүлдегерлер мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.