01.07.2025 ж-30.06.2026 жж аралығындағы реттеу кезеңі үшін
«Атырау Жарық» ЖШС электр энергиясын берудің реттелетін қызметі туралы есебі туралы ақпарат
|
1 |
Табиғи монополия субъектісі туралы жалпы ақпарат |
|
|
Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» Заңы мен электр энергиясының нарығын реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес, "Атырау Жарық" ЖШС компаниясының негізгі функциясы – Атырау қаласы мен Атырау облысына электр энергиясын беру болып табылады. "Атырау Жарық" ЖШС құрамында Атырау қаласы мен облыстың барлық әкімшілік аудандарында орналасқан электр желілері аудандары (АЭЖ) бар сегіз бөлімше, сондай-ақ Атырау қаласында орналасқан орталық кеңсе мен жөндеу-өндірістік база (ЖӨБ) бар, техникалық қызметтері осы жерде орналасқан. Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 4-бабына сәйкес, Табиғи монополияларды реттеу басқармасының 2006 жылғы 15 қыркүйектегі № 44-НҚ бұйрығына сәйкес, "Атырау Жарық" ЖШС Атырау облысы бойынша электр энергиясын беру және бөлу қызметі бойынша табиғи монополия субъектілерінің мемлекеттік тізілімінің жергілікті бөліміне енгізілді. 01.04.2026ж. жағдай бойынша электр энергиясын беру реттелетін қызметі бойынша жұмыскерлер саны 1 506 адамды құрады. |
|
2 |
Бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы |
|
|
«Атырау Жарық» ЖШС 2025-2026 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасын жүзеге асыруда, бұл бағдарлама 2024 жылдың 6 маусымында Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті бекіткен № 27-НҚ бұйрығымен және Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының келісіммен 2024 жылдың 7 маусымында бекітілген № 110-НҚ бұйрығымен, сондай-ақ 2026 жылдың 24 ақпанында №5-НҚ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Департаментінің және Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының 2026 жылғы 24 ақпандағы №38-НҚ бірлескен бұйрығы бойынша енгізілген түзетулермен жүзеге асырылды. 2025-2026 жылдарға арналған жоспарлы құны 2 549 102 мың теңге болса, 9 айдағы (шілде 2025 - наурыз 2026ж.) орындалу фактісін және 3 айға арналған болжамды (сәуір-маусым 2026ж) ескере отырып, орындалу сомасы 2 549 102 мың теңгені құрайды. 1. ЭКЕАЖ бойынша іс-шаралар Жоспар бойынша – 42 720 мың теңге, нақты орындалу сомасы – 42 720 мың теңге, оның ішінде: - ЭКЕАЖ жоғары деңгейін енгізу, УСПД орнату және баптау – 22 864 мың теңге; - Атырау қаласындағы ТП және КТП-дағы ЭКЕАЖ орта деңгейін енгізу – 19 856 мың теңге. 2. 110/35/10-6кВ төмендететін подстанцияларды модернизациялау Жоспар бойынша – 1 061 754 мың теңге, нақты орындалу сомасы – 1 078 904 мың теңге. Жабдықтар мен материалдарды жеткізуге, жұмыс жобаларын әзірлеуге және қажетті бағалауларға, қосалқы станцияны техникалық қадағалауға келісім-шарттарға қол қойылды.
2.1. ПС 35/10кВ №37 «Аралов» модернизациялау Жоспар бойынша – 360 523 мың теңге, нақты орындалу сомасы – 370 035 мың теңге. №37 «Н.Аралов» қосалқы стансасы Атырау облысы Миялы ауылының Қызылқоға ауданында орналасқан. 10 кВ ҚРН-ді 10 кВ ҚРУН-ға,
2.2. ПС 110/10кВ №17 «Южная» модернизациялау Жоспар бойынша – 701 231 мың теңге, нақты орындалу сомасы – 708 869 мың теңге. №17 «Южная» қосалқы стансасы Атырау қаласының «Лесхоз» шағын ауданында орналасқан. 10 кВ тарату құрылғысын 46 дана 10 кВ вакуумдық ажыратқыштар,
3. Атырау қаласындағы 10кВ физикалық тозған кабельдік желілерді модернизациялау Жоспар бойынша – 655 150 мың теңге, нақты орындалу сомасы – 679 742 мың теңге. Жалпы ұзындығы 16,22 км, 4 кабель желілерінің Ф.206, Ф.209 ПС-29-дан РП-8, Ф.621, Ф622 РП-20-дан РП-18, Ф.176,Ф.179 РП-4- РП-5-ке дейін және Ф.600, Ф.603
Жоспар бойынша – 470 322 мың теңге, нақты орындалу сомасы – 432 233 мың теңге. ТП-27/8 (Канцева к-сі) және ТП-4/10 (Әуезова к-сі) орналасқан2 ТП-10/6/0,4 кВ және КТПН-45/18 (Попова-Қайсенова к-сі), КТПН-195/12 (Холодильдник аул.),
Модернизация барысында қалалық үлгідегі неғұрлым қуатты жаңа трансформаторлар мен жаңа жабдықтар толықтай орнатылып, монтаждалды,
Күштік трансформаторлардың қуаттылығы 2570 кВА-дан 4240 кВА-ға дейін немесе 60%-ға артты, бұл оларды болашақ электр қуаттарына қосуға мүмкіндік береді.
Атырау облысының Жылыой ауданында орналасқан ұзындығы 5,57 км ӘЖ-10кВ және ӘЖ-0,4кВ техникалық жаңғырту жүргізілуде. Тіректер орнатылады. Қалалық АЭЖ-де - 4 дана; Жылыой АЭЖ - 6 дана; Құрманғазы АЭЖ - 1 дана; Махамбет АЭЖ - 3 дана; Индер АЭЖ- 2 дана. 5. Арнайы автокөлік активтерін жаңарту шаралары Жоспар бойынша – 265 887 мың теңге, нақты орындалу сомасы – 262 235 мың теңге. Арнайы автокөлік активтерін жаңарту мақсатында Атырау облысының қала және аудандары шегіндегі кәсіпорынның энергия объектілерінде пайдалану, күрделі және ағымдағы жөндеулерге арналған климаттық жағдайларды ескере отырып, өтімділігі жоғары жаңа арнайы автотехниканы сатып алуға шарт жасалды: • Камаз 15тн самосвалы - 1 бірлік - сатып алынды. • Темірбетон тіректерін тасымалдауға арналған УРАЛ шассиіндегі құбыртасымалдағыш - 1 бірлік; • ГАЗ шассиіндегі бұрғылау-кран машинасы - 1 бірлік; • Камаз шассиіндегі автогидрокөтергіш-28 - 1 бірлік. 6. Аварияға қарсы диагностика және РҚА құралдарын жаңғырту. Жоспар бойынша - 47 769 мың теңге, нақты орындалу сомасы - 47 768 мың теңгені құрайды. РЕТОМ-21 және РЕТОМ-61 - 1 дана автоматиканың қарапайым және күрделі қорғанысын тексеру үшін тексеру аппаратурасын сатып алуға шарт жасалды. 7. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру шаралары Жоспар бойынша - 5500 мың теңге, нақты орындалу сомасы - 5500 мың теңгені құрайды. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бағдарламасы бойынша климаттық құрылғылар, жылу радиаторлары, , жарықтандыру құрылғылары және энергия үнемдейтін шамдар сатып алуға шарт жасалды. 01.07.2025-30.06.2026ж. кезеңіне «Инвестицияларға айырбастау тарифі» Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде қосымша инвестициялық бағдарламаны орындау жөніндегі ақпарат «Атырау Жарық» ЖШС ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі №33-ОД бұйрығымен бекітілген және Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының 2025 жылғы 12 мамырдағы №80- НҚ келісімі бойынша 2025-2026 жылғы инвестициялық бағдарламаны орындайды. Жоспар бойынша 01.07.2025-30.06.2026гг. – 1 293 787 мың теңге, 1 292 668 мың теңге сомасына ТМЦ жеткізуге және құрылыс-монтаждау жұмыстарын көрсетуге шарттар жасалды. Атырау қаласы мен Атырау облысының Мақат ауданында орналасқан ұзындығы 73,957км ӘЖ-10кВ техникалық жаңғырту жүргізілуде. ВЛ-10кВ жаңғырту жөніндегі іс-шараларды орындау жөніндегі жұмыстарды 01.07.2026 жылға дейін аяқтау күтілуде. |
|
3 |
Бекітілген тарифтік сметаның шығындарын баптар бойынша орындау |
|
|
2025 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР ҰЭМ ТМРК-нің Атырау облысы бойынша Департаментінің 05.08.2025 жылғы № 59-ОД "ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің 2024 жылғы 19 маусымдағы № 31-НҚ "Атырау Жарық "АҚ 2024-2029 жылдарға арналған электр энергиясын беру жөніндегі реттелетін қызметке тарифтері мен тарифтік сметаларын бекіту туралы бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығына сәйкес тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісі бойынша қалыптастырылған тариф бекітілді. Атырау Жарық ЖШС электр энергиясын беру бойынша шығындар 01.07.2025-30.06.2026жж. кезеңінде 23 386 060 мың теңгені құрады. Бекітілген шығындарға сәйкес бақылаудағы шығындар, жылдық жоспар 9 529 164 мың теңге болғанда, нақты 9 653 876 мың теңгені немесе 101,3%-ды құрады. Бақылаудан тыс шығындар 01.07.2025-30.06.2026жж. кезеңінде жоспарлы 9 387 346 мың теңге болса, нақты шығындар 12 260 976 мың теңге құрады. Бұл 129,2%-ды құрайды. 01.07.2025-30.06.2026жж. кезеңінде амортизация 1 471 208 мың теңгені құрады, жылдық жоспар 1 471 208 мың теңге болатын. Әрбір бап бойынша барлық шығындар тарифтік сметада көрсетілген сомалар шегінде, рұқсат етілген ауытқулармен жүзеге асырылды. |
|
4 |
Реттелетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерін сақтау |
|
|
2. Нормативтік шығындар деңгейін төмендету – орындалды; 3. Жүйедегі үзілістің орташа индексі (SAIDI) - әлемдік деңгейде жалпы қабылданған ережелерге сәйкес ұзақ мерзімді жоспардан тыс өшірулердің орташа ұзақтығы, сағат, жылына 1 тұтынушыға өшірудің ұзақтығы – 1,49; 4. Реттелетін қызмет бойынша кәсіпорында инновациялық технологияларды енгізу – аяқталу сатысында; 5. Негізгі құралдардың тозуын төмендету – орындалды; 6. Жөндеу (реконструкция, модернизация, ауыстыру) жұмыстарын уақытында аяқтау – орындалды; 7. Табиғи монополиялар саласындағы заңнаманы бұзу саны (қазіргі көрсеткіш 0) – бұзушылықтар жоқ. |
|
5 |
Табиғи монополия субъектісінің қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу |
|
|
Электр энергиясын беру бойынша реттелетін қызметтерге 01.07.2025-30.06.2026жж. арналған тариф пен тарифтік смета бекітілген кезде «Атырау Жарық» ЖШС қызметінің тиімділік көрсеткіштері бекітілмеген. |
|
6 |
Негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштер |
|
|
01.07.2025-30.06.2026 жылдарға алдын ала есеп бойынша электр энергиясын беру бойынша реттелетін қызметтерден түсетін табыс 24 105 772 мың теңгені құрайды, бұл жоспарлы пайдадан 225 053 мың теңгеге төмен (электр энергиясын беру көлемінің азаюына байланысты). Реттелетін қызметтер бойынша шығындар, оның ішінде қызметтердің өзіндік құны мен кезең шығындары, 23 386 060 мың теңге болды. Жоспарлы пайда 3 282 937 мың теңге (ЖК қаржыландыру үшін - 2 371 681 мың теңге, тиімділігі үшін сыйақы - 911 256 мың теңге), нақты пайда бақыланбайтын шығындардың ұлғаюына байланысты (электр энергиясын Бірыңғай сатып алушы бағасының өсуі) 719 712 мың теңгені құрады. |
|
7 |
Электр энергиясын беру бойынша көрсетілген реттелетін қызметтердің көлемі |
|
|
Көрсетілген қызметтердің нақты көлемі жоспарлы көлемнен 17 307 мың кВтс-қа төмен және 1 853 007 мың кВтс-ты құрайды. Алдыңғы реттеуші кезеңмен (2024-2025жж) салыстырғанда беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі -6 431 мың кВтс немесе 0,35% азайды. |
|
8 |
Реттелетін қызмет тұтынушыларымен жүргізілетін жұмыс |
|
|
Есепті кезең ішінде «Атырау Жарық» ЖШС-не көрсетілген қызметтердің сапасы бойынша 255 өтініш түсті. Жыл бойы барлық өтініштерге жауап берілді және белгіленген мерзімдерде анықталған бұзушылықтарды жою бойынша тиісті шаралар қабылданды. |
|
9 |
Қызметтің болашағы (даму жоспарлары), соның ішінде реттелетін қызметтерге тарифтердің өзгеру мүмкіндігі |
|
|
Ағымдағы 2026 жылға арналған негізгі міндеттер: • Электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерін орындау; • Инвестициялық бағдарламаны орындау; • «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» Ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде Инвестициялық бағдарламаны орындау. • Электр энергиясының нормативтік ысыраптарын одан әрі төмендету. • Электр энергиясын беру бойынша реттелетін қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз ету. |